60

Помогите пожалуйста! Нужна информация: «Культегин и Тоньюкок» Не чего…

eevvggeennyy 13 декабря 2022

Помогите пожалуйста! Нужна информация: «Культегин и Тоньюкок» Не чего найти не могу (Заранееспасибо!

категория: история

68

Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) – ежелгі түркі мемелекетінің көрнектіәскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көнетарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлгенсоң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянді (кейінірек Білгіқаған деп атанған) Күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындалады. Күлтегінталай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өз қабілетті қолбасшысы ретіндетанылады. Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш –жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымыИ. В. Стеблева болды. Бұл аталған руналық жазбалық ескерткіштер әдебиет тану ғылымында ежелгі түркіхалықтарының көне әдеби үлгілері, поэзиялық туынды ретінде танылады. Көркемдік ерекшеліктері. Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштерітуралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді. Бірі – Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соныңішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихыдеп қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поеэзиялық туындығатән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделгенкөркем туынды деп танылды. Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілдер, тілшілер, тарихшыларт.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкімкүдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалағанғалымдардың бірі – академик жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағыескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп былай деп жазды: «олардыңмазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайласКүлтегін, тоныкөк немесе суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленгендесеңші?! Оларда әр алуан рулармен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыссуреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтарда шежіресі бар. Тіпті сол жазушылардың бірталайында Күлтегіннің ежелгі жырларындағыдайжеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялықтәртіпте бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жасына дейін, яғни өлгенге дейінгіөміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырлардың жас шағынан бастап,өмірінің ақырына дейінгі ерліктер жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттікқұрылысында ұқсастық бар.» Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұнымен пішіні жағынан емес, ырғаққа, якиритмге – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделу тұрғысынан дапоэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы И. В. Стеблева дәлелдепшықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі — әрі буын, әрі екпін екені, ырғақ пеншумақ, тармақ пен бунақ – сол буынмен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық мәні зор еді.

пользователи выбрали этот ответ лучшим
Знаете другой ответ?

Есть интересный вопрос? Задайте его нашему сообществу, у нас наверняка найдется ответ!
Делитесь опытом и знаниями, зарабатывайте награды и репутацию, заводите новых интересных друзей!
Задавайте интересные вопросы, давайте качественные ответы и зарабатывайте деньги. Подробнее...